09
октябрь
2023
"Ерте жүктіліктің алдын алу "
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N66 "Қазығұрт " жалпы орта білім беретін мектебінде педагог- психологтың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, 2023 жылғы 09 октябрь күні мектепте жасөспірімдер арасында ертежүктіліктің алдын алу, ЖҚТҚ алдын алу мақсатында "Ерте жүктіліктің алдын алу " тақырыбында 8,9,10,11 -сыныптың қыздарына педагог -психолог Д.Сыгаева , медбике С.Садуова дөңгелек үстел өткізді. Физилогиялық өзгерістердің болуы, ертежүктіліктің салдары туралы, қазіргі кезде белең алып бара жатқандығы айтылды. Қызды қырық үйден тыю, қала берсе күңнен тыю деген сөздің мән мағынасын түсіндіру мақсатында видеоролик көрсетіліп, оқушылар арасында пікірталас жүргізілді.


