«Тілмен тоғысқан тағдырлар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. » «Қазығұрт» № 66 жалпы орта мектеп»
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная средняя школа №66 «Казыгурт»
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(701) 608-02-38
+7(7252) 50-10-01
Версия для
слабовидящих
» » «Тілмен тоғысқан тағдырлар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
08
сентябрь
2026

«Тілмен тоғысқан тағдырлар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

№66 "Қазығұрт" жалпы орта білім беретін мектебінде 2026 ж. 8 сентябрь күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ә.О. Молдашова мен Б.К.Курманбекованың ұйымдастыруымен «Тілмен тоғысқан тағдырлар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – қазақ тілінің адам тағдырындағы, ұлттық болмыс пен рухани құндылықтарды сақтаудағы маңызын насихаттау, тілге деген құрметті арттыру және мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін дәріптеу.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар тілдің адам өміріндегі орны, ана тілінің қадір-қасиеті, тіл арқылы қалыптасқан ұлттық құндылықтар мен тағдырлы тұлғалардың өмір жолы туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Қатысушылар арасында мазмұнды пікір алмасу жүргізіліп, қазақ тілін құрметтеу мен оны күнделікті өмірде кеңінен қолданудың маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шара соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ана тілін ардақтау – әр азаматтың парызы екендігін атап өтті. 



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив