ТІЛМЕН ТОҒЫСҚАН ТАҒДЫРЛАР «LIVES CONNECTED BY LANGUAGE» » «Қазығұрт» № 66 жалпы орта мектеп»
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная средняя школа №66 «Казыгурт»
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(701) 608-02-38
+7(7252) 50-10-01
Версия для
слабовидящих
» » ТІЛМЕН ТОҒЫСҚАН ТАҒДЫРЛАР «LIVES CONNECTED BY LANGUAGE»
08
сентябрь
2026

ТІЛМЕН ТОҒЫСҚАН ТАҒДЫРЛАР «LIVES CONNECTED BY LANGUAGE»

№66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылардың тілдік танымын кеңейту мен қарым-қатынас мәдениетін арттыруға бағытталған «Lives Connected by Language» / «Тілмен тоғысқан тағдырлар» тақырыбында дөңгелек стол ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың ағылшын тілінде өз ойын еркін, жүйелі әрі дәлелді жеткізу дағдыларын дамыту; тілдің білім беру, саяхат, мансап және халықаралық қарым-қатынастағы маңызын талқылау; тіл мен мәдениеттің өзара байланысын түсіндіру; өзгелердің пікірін тыңдау және құрметтеу мәдениетін қалыптастыру.
Міндеттері:
• Оқушылардың ағылшын тіліндегі коммуникативтік және сөйлеу дағдыларын жетілдіру;
• Шет тілін білудің болашақ мамандар үшін беретін мүмкіндіктерін (шетелде білім алу, халықаралық мансап, әлемді шарлау) саралау;
• Тіл арқылы өзге халықтардың мәдениеті мен дәстүрін түсінуге, құрметтеуге баулу;
• Өз көзқарасын нақты мысалдармен дәлелдей білуге және пікірталас жүргізу әдебін сақтауға үйрету;
• Оқушылардың ынтымақтастық, еңбекқорлық және кәсіби құзыреттілік қасиеттерін арттыру.
Дөңгелек стол барысы: Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен салтанатты түрде ашылды. Бағдарлама барысында оқушылар спикер ретінде белсенділік танытып, бірнеше негізгі бағыттар бойынша пікір алысты:
1. Жылыну сұрақтары (Warm-up): Оқушылар әлемдегі кез келген тілді (корей, француз, жапон, испан, ағылшын) еркін меңгеру мүмкіндігі болса, қай тілді неліктен таңдайтындарын айтып, өз қызығушылықтарымен бөлісті.
2. «Болашағыңды елестет» (Imagine your future): Көптілділік арқылы 25 жастағы болашақ маман ретінде қандай жетістіктерге жетуге болатынын топта талқылады.
3. Негізгі дискуссия:
o Шет тілін білу адам өмірін қалай өзгертеді?
o Көп тіл білу қандай мүмкіндіктерге жол ашады?
o Тіл мен мәдениеттің арасындағы тығыз байланыс қандай?
o Шет тілі болашақ білікті маманға не үшін қажет?
Оқушылар пікірталас ережелерін сақтай отырып, ағылшын тілінде «I think that…», «In my opinion…», «I agree because…» сияқты клишелерді орынды қолданып, өз көзқарастарын сенімді түрде қорғап шықты.
Қорытынды: Іс-шара соңында оқушылар «English is a bridge to the world for me» сөйлемін толықтырып, тілдің адамдар мен мәдениеттерді жақындастыратын алтын көпір екенін түсінді. Танымдық кездесу оқушыларға тек тілді үйреніп қана қоймай, әлемді кеңірек тануға, сыни ойлауға және өзге де мәдениеттерді құрметтеуге үлкен серпін берді.
Әртүрлі тілдер, әртүрлі мәдениеттер, бірақ оларды біріктіретін — бір тұтас әлем!
Ұйымдастырушылар:
 Алтынбаева Д.К.     
Абдурасилова Д.К.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив