13
ноябрь
2023
«Оқушы қыз келбеті- бұрымымен әдемі » атты челленджі
№66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебінде #Біртұтас_тәрбие бағдарламасының «Талап» бөлімін жандандыру, қолдау мақсатында Республика көлемінде оқушы қыздардың келбетін қалыптастыру «Оқушы қыз келбеті- бұрымымен әдемі » атты челленджі өз жалғасын тапты. Қазақ халқы «қыз» деген сөздің өзін әдептіліктің, әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Әсіресе қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, «Аттың көркі — жалы, қыздың көркі — шашы» деп қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын «қос бұрым» немесе «бестемше» етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын: «Шашының ұзындығы ізін басқан», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты» деп, керемет суреттеген.
Мақсаты:
1) Қазақ халқының ұлттық өнерін, салт – дәстүрін дәріптеуге үйрету;
2) Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту;
3) Көпшілік алдында өзін- өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Қазақтың қыздары.
Желкілдеген тұлым менен бұрымды
Кие тұтқан ата- бабам бұрынғы.
Жаңартайық дәстүрлерін қазақтың
Жас ұрпаққа бүгін таңда білімді.
Ұзын шаштың әр талына бақ қонған,
Киесі оның тайдырмаған нақ жолдан,
Қазақ қызын жөргегінде әлдилеп,
«Алтын, Қара, Сұлушаш» деп ат қойған.
Ерліктерін әнге қосып жыр қылған,
Қару ұстап жауға қарсы жұлқынған.
Сүйген жарын жау қолынан, зыңданнан
Арқа қылып бұрымын, тартып алған құрдымнан.
Міне осындай қолың шаштар ерлігі,
Кейінгі ұрпақ ұмытпаған сен мұны,
Арқасында қыздарының жауынгер
Қазағымның сақталған ғой елдігі.






