15
март
2024
«Ұлылар мұрасы – ұрпаққа ұлағат» тақырыбында апталықтың жабылуы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті апталығының жұмыс жоспарына сәйкес 15.03.2024ж. күні пән мұғалімдері Х.К.Салтаева, Г.Ш.Ахметова, А.Б.Батанова, Б.К.Курманбекованың ұйымдастыруымен «Ұлылар мұрасы – ұрпаққа ұлағат» тақырыбында апталықтың жабылуы өткізілді. Іс-шараның мақсаты - тәуелсіз ел болып қалыптасу жолында бейбіт өмір сыйлаған ұлылар мұрасын ұрпаққа ұлағат ете отырып, бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге деген құрмет сезімдерін қалыптастыру, білім алушылардың зияткерлік тұлғасын дамыту.
Оқырман жүрегінің төрінен орын алған балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай, қорытынды кеш балалар жазушысының шығармашылығына арналды. «Менің атым Қожа» повесінің кейіпкері Қожа көрермендерге өзі жайлы көркем шығарманың мазмұнынан сұрақтар қойып, өзі де оқырмандар сұрағына жауап берді. Шығарманы талдау арқылы оқушылардың кітап оқуға құштарлығы мен пәнге деген қызығушылығы көрінді. Кеш соңы қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу мен күмбірлеген күйге, әсем әуенге ұласып, білім алушылардың зияткерлік тұлғасын дамытуда танымдық мәні зор болды.




