19
март
2024
«Заманауи тәрбие әлемі. Ұлттық құндылықтар. Ұрпақтар сабақтастығы»
Шымкент қаласының Ардагерлер кеңесі қаланың қоғамның өміріне белсенді аралсып, берекелі істің бастауы, жақсылықтың ұйытқысы болып жүр. Ардагерлер білім басқармасымен бірлесе отырып, мектептердегі ұлттық құндылыққа негізделген тәлім-тәрбие жұмыстарын жандандыруға үлес қосып келеді.
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №66 «Қазығұрт» жалпы орта мектебінде Біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес «Заманауи тәрбие әлемі. Ұлттық құндылықтар. Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев бастаған бір топ ардагердің қатысуымен қалалық әдістемелік - тәжірибелік семинар өткізілді.
Мақсаты:
Қазақстан Республикасының Оқу ағарту Министрлігі мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұсынған "2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқу тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы" әдістемелік нұсқау хаты мен "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында түзілген "Ұлы дала ілімі тарихы тағылымдары- тәрбие құндылықтарының қайнар көзі " атты авторлық бағдарламасын жүзеге асыру.











