05
апрель
2023
«Мектеп пен ата-аналардың бала тәрбиесіндегі ынтымақтастығы» тақырыбында жиналыс өткізілді.


Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебінде 2022-2023 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сәйкес, 13 сентябрь күні сағат 17:00 -де мектеп мәжіліс залында 1-11 сыныптары ата-аналар комитетінің төрағалары мен төрайымдарына «Мектеп пен ата-аналардың бала тәрбиесіндегі ынтымақтастығы» тақырыбында жиналыс өткізілді. Мектептің жаңа басшысы Ширтаева Найла Рахипақызы жиналысты ашып, ата-аналармен танысып, ата-аналардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, сұрақтарына жауап қайтарды.Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер:
1.2022-2023 оқу жылының ерекшеліктері мен өзгерістер;
2.Құқықбұзушылықтың алдын алу, мектептің ішкі тәртіп ережесі, келісімшарт;
3.Жаңа оқу жылындағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру;
4.Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез құлықтың және ерте жүктіліктің алдын алу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Мектеп директоры Н.Р.Ширтаева айына бір рет ашық есік күні өткізілетінін атап өтті.