19
сентябрь
2025
Ата-аналар комитетінің І отырысы
«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА
2025 жылдың 19 қыркүйегінде
№66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебінде ата-аналар комитетінің І отырысы өтті.
Отырыс тақырыбы: «Мектеп пен отбасы: адал әрі жауапты азаматты тәрбиелеудегі өзара ынтымақтастық» 
– Мектеп пен ата-аналардың бірлігін нығайту;
– Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісінде ынтымақтастықты арттыру;
– Комитет қызметін үйлестіруді жетілдіру.
1. Мектеп пен ата-аналар комитетінің ынтымақтастығын арттырудың жолдары туралы.
2. Мектеп ата-аналар комитетінің қызметін үйлестірудің ерекшеліктері туралы.
3. Мектеп ата-аналар комитетінің төрағасы мен алқасын сайлау туралы.
Жиын барысында ата-аналар мен мектеп арасындағы серіктестік байланыс нығайып, алдағы оқу жылына ортақ жоспарлар бекітілді. Жаңа комитет құрамы сайланып, мектеп пен отбасының бала тәрбиесіндегі ортақ миссиясы айқындалды.




