17
сентябрь
2025
Балалардың денсаулығы – басты назарда!
Мектеп жасындағы балалардың денсаулығын нығайтуға арналған ақпараттық бейнеролик көрсетілді.
Мақсаты:
Ата-аналар мен оқушылардың денсаулықты қорғау, аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы білімін арттыру, санитарлық-гигиеналық мәдениетті насихаттау.
Мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау шаралары туралы түсінік беру;
Родителям ақпараттық бейнеролик көрсету арқылы алдын алу мәдениетін қалыптастыру;
Балалардың дұрыс тамақтану, гигиена сақтау, аурудың алдын алу жолдары жайлы кеңестермен бөлісу;
Қоғамда микробқа қарсы төзімділікке (антибиотиктерге бақылаусыз қарау) жол бермеу туралы мағлұмат тарату.
№66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп мәжіліс залында ата-аналар жиналысы өткізіліп, бейнеролик көрсетілді.
Сонымен қатар бейнеролик мектептің 1-ші қабаттағы фойесіне орнатылған LED-экран арқылы үздіксіз көрсетілуде.
Кез келген ата-ана немесе оқушы бейнематериалды көріп, қажетті ақпарат ала алады.
Біз бірлесіп қана болашақ ұрпағымызды дені сау, білімді, саналы етіп тәрбиелей аламыз!


