16
сентябрь
2025
Танымды кездесу – жас ұрпақ үшін пайдалы сабақ
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында
2025 жылдың 16 қыркүйегінде №66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектептің 8-сынып оқушылары Шымкент қалалық балалар кітапханасында өткен тағылымды кездесуге қатысып қайтты.
Бұл шараны Шымкент қаласы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» ұйымдастырып, теолог мамандар оқушыларға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Осындай мазмұнды басқосулар жас ұрпақтың дүниетанымын кеңейтіп, саналы да салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.


