Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып пәндерінің онкүндігі аясында «Білім бастауы – бастауышта» атты іс-шара өз жалғасын тапты.

2025 жылдың 15 октябрьында бастауыш сынып мұғалімдері А. Ташимбетова мен
М. Амалбекованың ұйымдастыруымен 2-сынып оқушыларына арналған «Абай өлеңдері – рухани байлығым» тақырыбында танымдық әрі тәрбиелік мәні зор іс-шара өткізілді.

Мақсаты:

Оқушыларды ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру;

Абай өлеңдерін жатқа айту және түсіну қабілеттерін дамыту;

Мотивациясы төмен оқушылармен жұмыс істеу, тыңдай білу және өз ойын еркін жеткізу мәдениетін қалыптастыру.

Іс-шара презентация арқылы жүргізіліп, оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі ойындар мен тапсырмалар ұйымдастырылды:

«Абай өлеңін оқу» (жеке орындау)

«Өлеңді жалғастыр» сәйкестендіру ойыны

«Сұрақ-жауап» бөлімі

«Жасырынған сөз» — «Шолпы» әдісі арқылы ой қозғау

Шара барысында жас оқырмандар Абайдың даналығына үңіліп, ақын шығармаларының терең мағынасы мен рухани құндылығын сезіне білді.
Бастауыш сынып оқушыларының әдебиетке деген қызығушылығы мен таным көкжиегі кеңейді.

Абайды оқу – рухты ояту, рухани биіктікке жетудің жолы!
