12
ноябрь
2025
«Өз қолымен жасалған бетбелгі – досқа сыйлық» шығармашылық байқауы өткізілді.
Ұлттық құндылықтар – ұлт болашағының негізі
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 12 ноябрь күні «Ұлттық құндылықтар» айлығы аясында «Өз қолымен жасалған бетбелгі – досқа сыйлық» шығармашылық байқауы өткізілді. Өз қолымен жасалған бетбелгі – адамның шығармашылығын, еңбегін және достық ықыласын білдіретін ерекше сыйлық түрі. Бетбелгіні қағаздан, картоннан немесе түрлі безендіру материалдарынан жасауға болады.Ол кітап оқуға ыңғайлы болумен қатар, сыйға тартылған адамның көңілінен шығатын естелік ретінде де қалады.
Мақсаты: достық қарым – қатынасты нығайту, өз қолымен жасалған сыйлық жасау арқылы шығармашылық қабілетті дамыту, еңбектің қадірін ұғындыру. Сонымен қатар, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру мен әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

