13
ноябрь
2025
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР- ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 13 ноябрь күні «Ұлттық құндылықтар» айлығы аясында «Менің сүйікті кітабым» тақырыбында презентация өткізілді. Кітап – адам өмірінің ажырамас бөлігі, рухани байлықтың қайнар көзі. Әр адамның жүрегіне жол тапқан сүйікті кітабы болады. Менің сүйікті кітабым- бұл мені ойландырып, шабыттандыратын, өмірге деген көзқарасымды өзгертетін шығарма.
Мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани дүниесін байыту, өз сүйікті кітабы арқылы ой-пікірін еркін жеткізе білуге баулу және оқу мәдениетін қалыптастыру, кітап оқу арқылы жаңа дүниелерді тану, жақсы мен жаманды ажырата білу.

