ШЕБЕР ҚОЛДАР ШЕБЕРХАНАСЫ – ДОСТЫҚ ПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРДАСЫ! » «Қазығұрт» № 66 жалпы орта мектеп»
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная средняя школа №66 «Казыгурт»
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(701) 608-02-38
+7(7252) 50-10-01
Версия для
слабовидящих
» » ШЕБЕР ҚОЛДАР ШЕБЕРХАНАСЫ – ДОСТЫҚ ПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРДАСЫ!
17
ноябрь
2025

ШЕБЕР ҚОЛДАР ШЕБЕРХАНАСЫ – ДОСТЫҚ ПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРДАСЫ!

 «ДосболLIKE: достық қолын ұстап!» республикалық акциясы аясында мектебімізде шығармашылықпен өрілген ерекше шара – «Шебер қолдар шеберханасы» жұмыс жасады.
Бұл шеберхана – оқушыларды жақындастыратын, қолөнер арқылы достықты, ынтымақты, бірлікті күшейтетін ортаға айналды.
🎨 Тақырыбы:
«Шебер қолдар – бірлікке бастар өнер»
🎯 Мақсаты:
• Оқушылардың шығармашылық ойлауын, ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру;
• Бір-біріне көмектесу, қолдау көрсету мәдениетін қалыптастыру;
• «ДосболLIKE» акциясы негізінде достықты, ынтымақтастықты жандандыру;
• Қолөнер жұмысы арқылы әдемілік пен ұлттық нақышты сезіндіру.
🌟 Қорытынды:
Шеберхананың әр бөлмесінде балалардың қиялы, еңбегі және бір-біріне деген шынайы ықыласы көрініс тапты. Олар жүн түтті, ою қырнады, әшекей өрді, бір істің басын біріктіріп, достықтың жібек жібін бірге тартты.
Бір өнер – бір жүрек. Бірлік – ең әсем өрнек.
✨ Осындай ортада туған достық – мәңгілікке сақталатын баға жетпес сый!



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив