«Бастауыш сыныпта құндылыққа негізделген білім беру және функционалдық сауаттылық» » «Қазығұрт» № 66 жалпы орта мектеп»
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная средняя школа №66 «Казыгурт»
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(701) 608-02-38
+7(7252) 50-10-01
Версия для
слабовидящих
» » «Бастауыш сыныпта құндылыққа негізделген білім беру және функционалдық сауаттылық»
19
ноябрь
2025

«Бастауыш сыныпта құндылыққа негізделген білім беру және функционалдық сауаттылық»

  Шымкент қаласы Әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуда ұлттық құндылықтарды басшылыққа алып, сапалы білім деңгейін көтеру, өмірлік мәселелерді шешу дағдыларын қалыптастыру мақсатында функционалдық сауаттылықты жасанды интеллект мүмкіндіктерімен ұштастыра дамыту бағытында Управления образованияның 17.11.2025 жылғы №381 хаты негізінде 2025 жылдың 19 ноябрьсы күні №66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебінде тәжірибелік семинар ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.

  Семинардың ашылуына арнайы ҚББ Әдістемелік орталығының әдіскері 
С.Б. Утемисова қатысып, құнды пікірлерімен бөлісті.
  Мектеп директоры Ширтаева Найла Рапихақызы семинарға қатысушыларға сәттілік тілеп, шараның мазмұндық маңыздылығын атап өтті.

🎓 Семинардың мақсаты:
-Бастауыш сыныпта білім беру мазмұнын ұлттық және рухани құндылықтармен үйлестіре жүргізу;
-Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді әдістерін ұсыну;
-Жасанды интеллект пен жаңа цифрлық технологияларды оқу үдерісіне кіріктіру тәжірибесін тарату;
-Преподавателидің кәсіби шеберлігін арттыру және үздік педагогикалық тәжірибелер алмасу алаңын қалыптастыру.

📝 Семинар міндеттері:
-Құндылыққа бағытталған сабақ үлгілерін көрсету және талдау;
-Функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалар мен әдіс-тәсілдер жүйесін ұсыну;
-АКТ, жасанды интеллект, цифрлық контентті сабақта қолданудың тиімді тетіктерін насихаттау;
-Педагогтардың шығармашылығын дамыту, жаңашыл тәжірибелердің практикалық қолданылуын қамтамасыз ету.

🌟 Қорытынды:
Өткізілген семинар бастауыш буын педагогтары үшін тәжірибе алмасудың, жаңашыл идеяларды бірлесіп талдаудың, құндылыққа негізделген оқытудың маңызын терең түсінудің тиімді алаңы болды.
Қатысушылар оқушылардың ойлау, талдау, қолдану, өмірлік жағдайды шеше білу дағдыларын дамытуға арналған жаңа бағыттармен танысты.

Семинар барысында ұсынылған әдіс-тәсілдер мен тәжірибелер мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға серпін берді. Алдағы уақытта да №66 «Қазығұрт» мектебі құндылыққа бағытталған заманауи білім беруді дамытуға үлес қоса бермек.




















































































































































































Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив