Дүниежүзілік балалар күні » «Қазығұрт» № 66 жалпы орта мектеп»
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная средняя школа №66 «Казыгурт»
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(701) 608-02-38
+7(7252) 50-10-01
Версия для
слабовидящих
21
ноябрь
2025

Дүниежүзілік балалар күні

Дүниежүзілік балалар күніне орай республикалық онкүндік аясында 
"Бала — бақыт бастауы" атты іс шара ұйымдастырылды. 
МАҚСАТЫ:
Бүкіләлемдік балаларды қорғау күні Республикалық онкүндік аясында мектеп бүлдіршіндеріне көтеріңкі көңіл кдомсыйлау, олардың құқықтарын қорғау мәдениетін қалыптастыру және үлкендердің қамқорлығын сезіндіру.
 МІНДЕТТЕРІ:
Бүлдіршіндерге мейірім мен жылулық сыйлау;
Балалардың құқықтары мен қауіпсіздігі туралы түсінік қалыптастыру;
Мектептегі Бала өкілдігінің белсенділігін арттыру;
Оқушыларды қайырымдылыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
 Мектебіміздің Бала өкілдігінің президенті 10 «А» сынып оқушысы Сеилхан Ұлжалғас ең кішкентай бүлдіршіндерімізді арнайы құттықтап, жүрекжарды тілегін жолдады.
 Балалар — әлемнің шуағы, отбасымыздың қуанышы, мектептің көркі.
Ұлжалғас өзінің жылы лебіздері арқылы кішкентайларға арманға жетелейтін үміт сыйлап, олардың бақытты балалық шағы — бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз екенін атап өтті.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Балаға жасалған әрбір жақсы сөз — болашаққа салынған жарық жол.
Олардың қауіпсіз, бақытты, жарқын балалық шағы үшін атқарылар игі істер әрқашан жалғасын табады.
Балаларымыздың әр күні шаттыққа, әр қадамы сәттілікке толы болсын!



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив