01
сентябрь
2026
ЕРЛІК САҒАТЫ
Тақырыбы: «Қазақстан тәуелсіздігінің қаһармандары: әскери және азаматтық ерлік»
Мектебімізде оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ел тәуелсіздігін қорғаған батырлардың ерлігін дәріптеу мақсатында «Қазақстан тәуелсіздігінің қаһармандары: әскери және азаматтық ерлік» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларымен Ерлік сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы әскери және азаматтық ерлік көрсеткен тұлғалар туралы мағлұмат беріліп, олардың ел қауіпсіздігі мен бейбіт өмірді сақтаудағы еңбегі кеңінен таныстырылды.
Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі!
Батырларды ұлықтау – елдігімізді ұлықтау!
ДТІЖО Қ.СҮЛЕЙМЕНОВ
ДОІЖО Л.ОРЫНБЕКОВА
АӘД мұғалімі Әсіл М.


