МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ - БОЛАШАҚТЫ ТАҢДАУ » «Қазығұрт» № 66 жалпы орта мектеп»
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная средняя школа №66 «Казыгурт»
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(701) 608-02-38
+7(7252) 50-10-01
Версия для
слабовидящих
» » МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ - БОЛАШАҚТЫ ТАҢДАУ
31
январь
2024

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ - БОЛАШАҚТЫ ТАҢДАУ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N66 "Қазығұрт" жалпы орта білім беретін мектебінің Акт залында Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының  "Жастар ресурстық орталығының " 30.01.24ж N08-23 хатына сәйкес бітіруші түлектерге мамандық таңдауға бағдар беру мақсатында 2024 ж 31 январь күні Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен  «Мамандық таңдау - болашақты таңдау»  тақырыбында түлектерімен кездесу өтті.Кездесуге Жастар ресурстық орталығының басшысы Заманбек Орынбеков, PHD  доктор, психолог, гештальт-терапевті Салтанат Асанова және «Alem» мектебінің директоры, педагог-психолог Алтынбек Боранбек қатысты.Алдымен оқушыларға мамандық таңдау бағытында психологтар түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оқушыларға өз кеңестерін берді. Психологтардың ақпаратымен азықтанған оқушылар өрт сөндірушілердің жұмысымен танысу үшін жақында ғана қолданысқа берілген  өрт сөндіру депосына барды. Төтенше жағдайлар жөнінде ақпараттандыру жұмыстарына қала жастарын тарту мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті мен Жастар ресурстық орталығы арасында кадр және тәрбие, идеология бағытында екі жақты бірлескен меморандум түзілді.
Кәсіптік білім беруші педагог: Сандыбаева М 
Оразымбетова М. 



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив