КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫҢ ЖАҢАРУЫ
Жаңа Ата заң жобасы – Қазақстан қоғамының саяси кемелденуінің, құқықтық ой-санасының өскенінің айқын көрінісі. Бұл реформа тек заң баптарын жаңарту емес, ол – мемлекетті басқару мәдениетін, билік пен азамат арасындағы қарым-қатынасты жаңаша пайымдау. Егер бұрынғы Конституция өтпелі кезеңнің талабына сай қабылданса,бүгінгі өзгерістер тәжірибесі қалыптасқан, орнықты мемлекетке тән қажеттіліктерден туындап отыр. Қазіргі таңда елдің тұрақтылығы тек экономикамен емес,әділетті заң, тәуелсіз сот