29
қаңтар
2026
ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА АПТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ
«Цифрлық әлемге – кемел біліммен»
Физика және информатика пәндері арқылы білім алушылардың ғылым мен цифрлық технологияға деген қызығушылығын арттыру, олардың зияткерлік қабілетін дамыту, шығармашылық ізденіске баулу және заманауи, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.
Физика және информатика апталығы он күн бойы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Осы уақыт аралығында оқушылар сабақтарға ерекше белсенділікпен қатысып, өздерінің білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін және шығармашылық мүмкіндіктерін көрсете білді.
Апталық аясында:
Апталықтың жабылу салтанатында белсенді қатысып, үздік нәтиже көрсеткен оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.
«Цифрлық әлемге – кемел біліммен» атты физика және информатика апталығы оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, олардың білімге деген құштарлығын нығайтты. Он күнге созылған мазмұнды шара білім мен технологияның үндестігін айқындап, болашаққа сенімді қадам жасайтын ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесін қосты.