«Қоғам игілігіне қызмет ету – жас ұрпақтың мақсаты» » «Қазығұрт» № 66 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№66 Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 608-02-38
+7(7252) 50-10-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қоғам игілігіне қызмет ету – жас ұрпақтың мақсаты»
10
ақпан
2026

«Қоғам игілігіне қызмет ету – жас ұрпақтың мақсаты»


11-сынып оқушылары арасында мемлекеттік қызметке кәсіби бағдарлау
Мақсаты:
✅ Оқушыларға мемлекеттік қызметтің мәні мен маңызын түсіндіру
✅ Жастар арасында мемлекеттік қызметке деген қызығушылықты арттыру
✅ Болашақ мамандықты саналы таңдауға ықпал ету
✅ Жоғары академиялық үлгерім мен қоғамдық белсенділікті ынталандыру арқылы ерте кәсіптік бағдарлауды қалыптастыру
Мазмұны:
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 17 шілдедегі № 602 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына» сәйкес, жастарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында мектеп және жоғары оқу орындары деңгейінде ерте кәсіптік бағдарлау институты қалыптастырылады.
Бүгін №66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебінде 11-сынып оқушылары арасында «Қоғам игілігіне қызмет ету – жас ұрпақтың мақсаты» тақырыбында салтанатты ашылу өтті.
Іс-шара барысында:
📄 Оқушыларға мемлекеттік қызметке орналасу, кәсіби бағыттар мен қажетті дағдылар туралы ақпараттық материалдар таратылды;
  Сөз барысында мектеп директоры Ширтаева Найла Рапихақызы бітіруші түлектерге жақсы мамандық иесін таңдау туралы сапалы мазмұндама мәліметтерді айтты . 
🎤 Қонақ профориентолог Бесбаев Ақан Сәбитұлы мемлекеттік қызметтің маңызы мен қоғамдағы рөлін түсіндірді;
📝 11-сынып оқушыларына мамандық таңдаудағы негізгі қағидалар мен саналы таңдау маңызды екені жеткізілді.
Қорытынды:
Іс-шара оқушылардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттыруға, болашақ кәсіби бағдарын қалыптастыруға және саналы мамандық таңдауға ықпал етті. Сонымен қатар, жастар арасында қоғамдық белсенділікті ынталандыру арқылы мемлекет мүддесіне қызмет етудің маңызды екені көрсетілді.
Жауапты мамандар:
Кәсіптік бағдар беруші педагог: Г.О. Бекжанова
Әлеуметтік педагог: Г.К. Салимбаева



















Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив