09
ақпан
2026
Химия–биология бірлестігінің онкүндігі «Әлемнің ғажайып қос тірегі»
Химия–биология бірлестігінің онкүндігі
«Әлемнің ғажайып қос тірегі»
Оқушыларға химия мен биология ғылымдарының табиғат пен адам өміріндегі маңызын терең ұғындыру, жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылығын арттыру, ғылыми ойлау, экологиялық сана мен жауапкершілікке тәрбиелеу.
Химия мен биологияның өзара тығыз байланысын көрсету;
Табиғаттағы тіршілік пен өзгерістердің ғылыми негізін түсіндіру;
Оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамыту;
Ғылымға, табиғатқа сүйіспеншілік пен құрмет қалыптастыру.
Жүргізуші сөзі:
Әлемді ұстап тұрған қос қуат бар.
Бірі – тіршіліктің тілі – биология,
екіншісі – өзгерістің кілті – химия.
Осы екі ғылым – табиғаттың тынысы, өмірдің өзегі.
Химия мен биология – көзге көрінбейтін, бірақ әлемді қозғалыста ұстап тұрған ғажайып күштер. Бірі молекула мен реакцияны сөйлетсе, екіншісі жанды дүниенің сырын ашады.
«Әлемнің ғажайып қос тірегі» атты онкүндіктің ашылуы аясында:
Химия мен биология пәндерінің бірлігі мен үндестігі таныстырылды;
Табиғаттағы құбылыстардың ғылыми негізі түсіндірілді;
Оқушылардың қатысуымен танымдық көріністер мен тәжірибелер көрсетілді;
Ғылымға қызығушылықты арттыратын бейнероликтер мен сахналық қойылымдар ұсынылды.
Бұл онкүндік барысында:
Онкүндіктің ашылуы оқушыларға ғылымның тек пән емес, өмірдің өзегі екенін сезіндірді. Химия мен биология – табиғатты танудың, адамзат болашағын сақтаудың сенімді тіректері.
Бүгін бастау алған бұл онкүндік жас ұрпақтың ғылымға деген қызығушылығын оятып, табиғатқа жанашыр, білімге құштар тұлға қалыптастыруға өз үлесін қосады.



