КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫҢ ЖАҢАРУЫ » «Қазығұрт» № 66 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№66 Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 608-02-38
+7(7252) 50-10-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫҢ ЖАҢАРУЫ
02
ақпан
2026

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫҢ ЖАҢАРУЫ


   Жаңа Ата заң жобасы – Қазақстан қоғамының саяси кемелденуінің, құқықтық ой-санасының өскенінің айқын көрінісі.
Бұл реформа тек заң баптарын жаңарту емес, ол – мемлекетті басқару мәдениетін, билік пен азамат арасындағы қарым-қатынасты жаңаша пайымдау.
Егер бұрынғы Конституция өтпелі кезеңнің талабына сай қабылданса,бүгінгі өзгерістер тәжірибесі қалыптасқан, орнықты мемлекетке тән қажеттіліктерден туындап отыр. Қазіргі таңда елдің тұрақтылығы тек экономикамен емес,әділетті заң, тәуелсіз сот және халықтың билікке деген сенімімен өлшенеді.
✨ Осы тұрғыда жаңа Конституция:
– халықты мемлекеттік биліктің негізгі қайнар көзі ретінде нақтылай түседі;
– референдум институтын күшейтеді;
– сот жүйесінің тәуелсіздігін арттыруға жол ашады.
Бұл – мемлекеттің өз халқына артқан сенімінің, ал халықтың өз тағдырына жауапкершілікпен қарауының айғағы.
🎯 Құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту, билік пен қоғам арасындағы ашықтық пен сенімді күшейту,
азаматтардың ел тағдырына белсенді қатысуына мүмкіндік беру.
✨ Конституциялық реформа – бұл уақыт талабына сай жасалған батыл қадам.
Ол әділетті қоғам құруға,саналы, жауапты азамат қалыптастыруға бағытталған.
Мемлекеттің болашағы – заң үстемдігі мен халық сенімінде.
🔔  Конституция – тұрақты мемлекет кепілі.
   №66 "Қазығұрт" жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Ширтаева Найла Рапихақызы
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив