03
декабрь
2025
«Сақтар туралы тарихи мәліметтер» тақырыбында ашық сабақ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебінде 2025-2026 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес тарих-география апталығының жоспары бойынша
3.12.2025ж Чигимбаева Алия Сафарбековна 5 «Б» сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен «Сақтар туралы тарихи мәліметтер» тақырыбында ашық сабақ көрсетті.
Сабақтың мақсаты: Сақ тайпаларының мекендеген аумағын картадан анықтау және мемлекеттік бірлестіктердің ерекшеліктерін түсіндіру.
«Адал Азамат» біртұтас бағдарламасының негізінде жасанды интеллект Hey-gen платформасында жасалған видео арқылы оқушыларға Декабрь айындағы құндылықтарды насихаттай отырып, ынтымақта, ұйымшылдықта, ауызбіршілікте сабақтағы тапсырмаларды бірлесе отырып орындауда сәттілік тілеп, сыныпта жағымды ахуал орнатумен басталды. Өткен сабақты қайталау мақсатында«Миға шабуыл» әдісі арқылы «power point» платформасында жүргізілді. Мұғалім оқушыларды 3 топқа біріктіріп, жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында Блиц сұрақтар арқылы жаңа тақырыппен байланыстырды. Мұғалім, жаңа сабақты түсіндіріп, "Сақтар туралы" videogeneratory" платформасында жасалған қысқаша бейнеролик көріп ю, оқушылар сақтар туралы мәліметтермен танысты. "Жылжымалы карта" әдісі арқылы оқушыларға жеке жұмыс берілді.
"Венн диаграммасы" арқылы оқушыларға жұптық жұмыс жүргізілді. "Деректерді сөйлету" әдісі арқылы топтарға тапсырмалар беріліп, 3 топтың оқушылары постер қорғады. «Кім жылдам?» викториналық ойыны арқылы "wordwoll" платформасында жасалған сұрақтарға оқушылар жауап бере отырып, қызықты ойын арқылы сабақты қорытындылады,
Обратная связь "Power point"платформасында арқылы сабаққа кері байланыс жасалды. Әрбір берілген тапсырмаларға жауап беріп отырған оқушылар бағалау парағында бағаланып отырды.
Үйге тапсырма: "Сақтар туралы" оқу, қосымша мәліметтер іздену берілді.



