11
ноябрь
2025
«Батырлар жырының әлеміне саяхат» тақырыбында әдеби квест өткізілді.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебінде 11.11.2025 ж. күні қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері Р.К.Нурсеитованың, Б.К. Курманбекованың ұйымдастыруымен 9-сынып оқушыларымен «Батырлар жырының әлеміне саяхат» тақырыбында әдеби квест өткізілді.
Мақсаты: қазақ батырлар жырларының мазмұнын, идеясын, кейіпкерлерін терең меңгерту, батырлық, отансүйгіштік, адалдық, ерлік сияқты ұлттық құндылықтарды дәріптеу, бірлескен топтық жұмыс арқылы логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, білім алушылардың зияткерлік тұлғасын дамыту.
Квест барысында оқушылар 4 топқа бөлінді. Әр топ батыр есімін алды: «Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Қамбар». Әр бекетте тапсырма орындалып, дұрыс жауап берген топ келесі бекетке өтті. Барлық бекеттен жиналған әріптер арқылы соңында құпия сөз құрастырды.
Әдеби квест арқылы оқушылардың кітап оқуға құштарлығы мен пәнге деген қызығушылығы көрінді. Қорытындылай келе, барлық тапсырманы орындаған топтар өз батырынан үлгі алатын қасиеттерін айтып шықты. Білім алушылардың зияткерлік тұлғасын дамытуда танымдық мәні зор іс-шара болды.

