БІЛІМГЕ БАСТАР АҚЖОЛ! — ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ


1 сентябрь – Білім күніне арналған «Таза Қазақстан: Жаңа Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі!»
«Адал Азамат, Білімді ұрпақ: жаңа оқу жылына алғашқы қадам» атты салтанатты іс-шара №66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.


Жаңа оқу жылы – әр шәкірт үшін жаңа үміттің, жаңа арманның, жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Ал алғашқы қоңырау – білім әлеміне бастайтын қасиетті жолдың алғашқы үні.

Іс-шараның мақсаты:
Оқушылардың бойында білімге деген құштарлықты арттыру, Отанға деген сүйіспеншілік пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, Конституциялық құндылықтарды, адалдықты, еңбекқорлықты және экологиялық мәдениетті дәріптеу.

Міндеттері:

білім мен ғылымның адам өміріндегі маңызын насихаттау;

өскелең ұрпақты елжандылыққа, жауапкершілікке, адалдыққа тәрбиелеу;

табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру;

мектеп, ата-ана және қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту;

жаңа оқу жылына көтеріңкі көңіл-кдоммен ізгі ниет қалыптастыру.

Салтанатты жиынға арнайы қонақтар қатысты:

Ардагер ұстаз – Утебаева Мариям Смайлқызы;

Тұран ауданы әкімшілігінің өкілі – Досан Римма Құдайбергенқызы;

Попечительский совет төрағасы – Әбдуәлі Нұржан Борашұлы;

Ата-аналар комитетінің төрағасы – Дауылбаев Баймахамбет.

Құрметті қонақтар жас бүлдіршіндерге ізгі тілектерін арнап, жаңа оқу жылының сәтті басталуына ақжолтай лебіздерін білдірді.

Мектеп директоры Ширтаева Найла Рапихақызы да салтанатты жиын барысында барша ұстаздар қауымын, ата-аналарды және білімге алғаш қадам басқан 1-сынып оқушыларын жаңа оқу жылымен құттықтап, жүрекжарды ақ тілегін жеткізді.

«Бүгін мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін бұл күн – өмірлеріндегі ең маңызды күндердің бірі. Ақ жол, кішкентай достар! Білім жолындағы әр қадамдарың нық, әр армандарың асқақ болсын. Ұстаздарымызға шығармашылық табыс, ата-аналарымызға отбасылық амандық, ал барша шәкірттерімізге биік белестер мен жарқын жеңістер тілеймін!» – деген ізгі тілегін білдірді.


Алғашқы қоңырау үні жаңа оқу жылына нық қадам басқан барша шәкіртке сәттілік пен қуаныштың жаршысы болды.

Таза Қазақстан – таза ойдан, таза жүректен, таза әрекеттен басталады.

Адал азамат – білімді ұрпақтан қалыптасады.
Ал білімді, тәрбиелі, жауапты ұрпақ – елдің жарқын болашағы!

Жаңа оқу жылы әр шаңыраққа қуаныш, әр ұстазға шабыт, әр шәкіртке білім мен жеңіс әкелсін!
Ақ жол, жаңа оқу жылы!