01
сентябрь
2026
БІРЫҢҒАЙ ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі»
Білім алушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы терең түсінік қалыптастыру, Ата Заңның ел өміріндегі айрықша орнын ұғындыру, конституциялық құндылықтарды қастерлеуге баулу.
Жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, адалдық, әділдік, жауапкершілік, заңға құрмет, азаматтық сана секілді асыл қасиеттерді сіңіріп, ел болашағына бейжай қарамайтын саналы тұлға тәрбиелеу.
Тәрбие сағаттары барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің берік құқықтық негізі, ел бірлігі мен тұрақтылығының кепілі, әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын басты құжат екені кеңінен түсіндірілді.
Сабақ барысында Конституцияның тарихи маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң мен тәртіптің қоғам өміріндегі орны туралы мазмұнды әңгімелер қозғалды.
Оқушылар адал азамат болу – тек жақсы білім алумен шектелмей, елін сүю, заңды құрметтеу, өз ісіне жауап беру, еңбекті бағалау, өзгеге құрметпен қарау және қоғам игілігіне үлес қосу екенін түсінді.
Конституция – мемлекеттің ғана емес, әр азаматтың өмірімен сабақтас құндылық. Ата Заңды білу – өз құқығыңды тану болса, оны құрметтеу – туған ел алдындағы жауапкершілікті сезіну.
Зерделі ұрпақ қалыптастыру – ұлттың ертеңін қалыптастыру.
Жауапты қоғам құру – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.
Білімді де тәрбиелі ұрпақ – Қазақстанның жарқын болашағы!

