
Күні: 08.09.2026 ж.

Қатысушылар: 11-сынып бітіруші қыздар

№66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебінде 11-сынып бітіруші қыздармен мектеп басшысы Ширтаева Найла Рапихақызының қатысуымен қыздар жиналысы өткізілді.


Мақсаты:
Бітіруші қыздарға мектептің ішкі тәртіп ережелерін түсіндіру, мектеп формасын сақтауға, жинақылыққа, әдептілікке және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Жиналыста қаралған негізгі мәселелер:

Мектеп формасы – белгіленген талаптарды сақтау, киімнің таза әрі жинақы болуы;

Ішкі тәртіп – сабаққа уақытылы қатысу, мектеп ережесін сақтау, ұстаздар мен оқушыларға құрметпен қарау;

Сыртқы келбет мәдениеті – мектеп қабырғасында жинақы, қарапайым әрі талапқа сай келбет қалыптастыру;

Ұялы телефонды пайдалану – сабақ кезінде телефон қолданбау, оқу үдерісіне кедергі келтірмеу;

Жалпы мәселелер – 11-сынып бітіруші түлектердің жауапкершілігі, мектеп абыройын сақтау, кіші буынға үлгі болу және өзін-өзі ұстау мәдениеті.

Мектеп басшысы Шыртаева Найла Рапихақызы қыздарға мектеп бітіруші түлек ретінде әрбір әрекетіне жауапкершілікпен қарап, мектеп қабырғасында тәртіп пен әдептілікті сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Қорытынды:
Жиналыс барысында қыздарға мектеп формасы, ішкі тәртіп, сыртқы келбет, ұялы телефонды пайдалану мәдениеті және жалпы тәртіп талаптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қыздың көркі – әдепте,
сәні – сыпайылықта,
абыройы – тәрбиесінде!

11-сынып – мектептің айнасы,
ал бітіруші түлек – кейінгі ұрпаққа үлгі!




