Жауапкершілік, тәртіп және азаматтық ұстаным – ер азаматтың басты қасиеті" » «Қазығұрт» № 66 жалпы орта мектеп»
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная средняя школа №66 «Казыгурт»
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(701) 608-02-38
+7(7252) 50-10-01
Версия для
слабовидящих
» » Жауапкершілік, тәртіп және азаматтық ұстаным – ер азаматтың басты қасиеті"
09
сентябрь
2026

Жауапкершілік, тәртіп және азаматтық ұстаным – ер азаматтың басты қасиеті"

 №66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебінде 11-сыныпта білім алатын бітіруші түлек жігіттермен арнайы кездесу-жиналыс өткізілді. Жиынды мектеп директоры Ширтаева Найла Рапихақызы өткізді. 🌟
💡 Мақсаты:
Жоғары сынып оқушыларының мектептегі тәртіпті сақтауына, мектеп формасын талапқа сай киюіне, өзіне деген жауапкершілігін арттыруға және болашаққа нық қадам басуына бағыт-бағдар беру.
📌 Жиналыста қаралған мәселелер: 👔 Мектеп формасын сақтау және сыртқы келбет мәдениеті;
📖 Мектептің ішкі тәртіп ережелері;
🤝 Ұл балалар арасындағы өзара сыйластық пен мәдени қарым-қатынас;
💪 Ер азаматқа тән жауапкершілік пен тәртіп;
📵 Ұялы телефонды тиімді пайдалану және цифрлық мәдениет;
🎓 Бітіруші түлектердің оқу үлгерімі мен ЕНТ-ға дайындығы;
🛡️ Құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық;
🎯 Мамандық таңдау, болашаққа мақсат қою және елге қызмет ету;
✨ Өз мектебінің абыройын жоғары ұстау мәселелері.
🌱 Міндеті:
Школьникам мектеп ережелерін саналы түрде сақтаудың маңызын түсіндіру, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыру, өз ісіне есеп бере алатын, білімді, тәрбиелі, намысты азамат болуға бағыттау.
💬 Қорытынды:
Жиын барысында мектеп директоры Шыртаева Найла Рапихақызы бітіруші түлек жігіттерге ақыл-кеңесін айтып, әрбір жас азаматтың бүгінгі әрекеті оның ертеңгі болашағына әсер ететінін атап өтті.
🤍 «Бүгінгі мектеп оқушысы – ертеңгі ел азаматы!»
🇰🇿 Жігіттерге артылған сенім – үлкен жауапкершілік. 




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив