"БАЛА БІЗДІҢ ЕРТЕҢІМІЗ" АТТЫ ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
N66 Қазығұрт"жалпы орта білім беретін мектебінде 2025-2026 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес, 2026 жылы 26 қаңтар күні "Бала біздің ертеңіміз" тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың негізгі мақсаты – ата-аналарға баланың тұлғалық дамуы мен тәрбиесіндегі отбасының рөлін терең түсіндіру, мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Баланың болашағы үшін ата-ананың жауапкершілігін арттыру; Отбасындағы тәрбие мен мектептегі тәрбиенің сабақтастығын қамтамасыз ету;