26
қаңтар
2026
"БАЛА БІЗДІҢ ЕРТЕҢІМІЗ" АТТЫ ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
N66 Қазығұрт"жалпы орта білім беретін мектебінде 2025-2026 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес, 2026 жылы 26 қаңтар күні "Бала біздің ертеңіміз" тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың негізгі мақсаты – ата-аналарға баланың тұлғалық дамуы мен тәрбиесіндегі отбасының рөлін терең түсіндіру, мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Баланың болашағы үшін ата-ананың жауапкершілігін арттыру;
Отбасындағы тәрбие мен мектептегі тәрбиенің сабақтастығын қамтамасыз ету;
Баланың рухани-адамгершілік, патриоттық, зияткерлік дамуына қолайлы орта қалыптастыру жолдарын талқылау;
Ата-аналарды бала тәрбиесіндегі заманауи әдіс-тәсілдермен таныстыру;
Бала қауіпсіздігі, мінез-құлқы, тәртібі және эмоционалдық жағдайына назар аударту;
Ата-аналар мен педагогтер арасында өзара сенім мен серіктестік орнату.
Күн тәртібінде:
1. ІІ тоқсан үлгерім есебінің қорытындысы;
ДОІЖО Ф. Абзелова
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығы негізінде, ҚР «Білім туралы заңы» 47 бап «15-1 тармағы Білім алушылар білім беру ұйымдарында белгіленген киім үлгісін сақталуы; мектеп ережесінің сақталуы мен құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері; ДТІЖО Қ.Қ. Сулейменов
3. Интернетке тәуелділіктің шешу жолдары; педагог-психолог Д.Сыгаева
4. Әлеуметтік әмиян туралы түсіндіру жұмыстары мен ыстық тамақты ұйымдастыру жұмыстарының барысы.
Әлеуметтік педагог: Г. Салимбаева
5. Мектептегі оқушылардың жеке бас санитарлық-гигиеналық ережесінің орындалуы. Медбикелер С. Садуова
6. Әртүрлі мәселелер.





