“ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП” — ЖАЛПЫ ҚАЛАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебінде “Заң және тәртіп” тақырыбында өткен жалпы қалалық ата-аналар жиналысына мектеп директоры Найла Рапихақызы бастаған мектептің ата-аналары белсенді түрде қатысты. Жиналыс онлайн форматта ұйымдастырылып, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек , сондай-ақ Шымкент қаласының прокуратурасы өкілдері бірлесіп өткізді. Жиналыстың негізгі мақсаты – қоғамдағы заң мен тәртіптің маңызын түсіндіру,