05
наурыз
2026
“ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП” — ЖАЛПЫ ҚАЛАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебінде “Заң және тәртіп” тақырыбында өткен жалпы қалалық ата-аналар жиналысына мектеп директоры Найла Рапихақызы бастаған мектептің ата-аналары белсенді түрде қатысты.
Жиналыс онлайн форматта ұйымдастырылып, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек , сондай-ақ Шымкент қаласының прокуратурасы өкілдері бірлесіп өткізді.
• Қыз баласының тәрбиесі, ибалығы мен мәдениеті,
• Ұл балалардың жүріс-тұрысы, жауапкершілігі мен тәртібі,
• Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу,
• Ата-ана мен мектеп арасындағы тығыз байланыс мәселелері кеңінен талқыланды.
Мектеп пен ата-ана бірлесе әрекет еткенде ғана саналы, білімді әрі жауапты ұрпақ тәрбиелей аламыз.
