09
қараша
2023
Мектеп парламенті өзін-өзі басқару ұйымының Президенттік сайлауы өткізілді.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылғы 21 қазан күні 8-9-10-11 сыныптар арасында Мектеп парламенті өзін-өзі басқару ұйымының Президенттік сайлауы өткізілді.
Парламенттің мақсаты мен міндеттері:
Парламент мақсаты: балалар мен жастардың табысты әлеуметтенуі және өзін-өзі тиімді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, сондай-ақ туындайтын мәселелерді білім алушылардың өз бетінше шешуі үшін мүмкіндіктер жасау.
Парламент міндеттері:
1) білім алушылардың шығармашылық белсенділігін және өз бетінше әрекет етуін іске асыру;
2) білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оның ішінде білім беру, әлеуметтік-тұрмыстық және олардың мүдделерін қозғайтын өзге де мәселелерді шешуге көмек көрсету болып табылады;
3) білім беру ұйымының басшылығына білім беру және ғылыми міндеттерді шешуде, білім алушылардың бос уақыты мен тұрмысын ұйымдастыруда, салауатты өмір салтын насихаттауда көмек көрсету;
4) білім беру ұйымдарына білім беру және тәрбие процесі шеңберінде өткізілетін іс-шараларға көмек көрсету;
5) білім беру ұйымының рухы мен дәстүрлеріне патриоттық қатынас жасауға, білім алушылардың санасын және олардың өз білім деңгейіне талап етуін арттыруға, мүлікке ұқыпты қарауға тәрбиелеуге бағытталған жұмыстар жүргізу;
6) білім алушыларды білім беру ұйымының қызметі туралы хабардар ету;
7) қазақстандық қоғамды дамытудың нақты күші және стратегиялық ресурсы ретінде балалар мен жастар туралы қоғамдық пікір қалыптастыруға қатысу;
8 балалар мен жастардың қоғамдық маңызы бар бастамаларын іске асыруға көмек көрсету болып табылады. Білім беру ұйымдарында Парламент қызметі өңір мен білім беру ұйымының ерекшелігін ескере отырып айқындалатын басқа да міндеттерді шешуге бағытталған.
Парламент құрылымы:
Парламент көшбасшысы сайлауда білім алушылар мен білім беру ұйымының педагогтері сайлайтын президент болып табылады.
Президент пен парламент мүшелері бір оқу жылы мерзіміне сайланады.
Парламент Президенттен, оның орынбасарларынан, парламент фракцияларының басшылары мен мүшелерінен тұрады. Қажет болған жағдайда Парламенттің шешімі бойынша оның құрамына білім алушылар арасынан Парламент мүшелері қосымша сайланады. Парламент мүшелерін сайлау сыныптар мен топтардың жиналыстарында жүзеге асырылады.
Парламент қызметі
Парламенттің мектептегі қызметін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, білім беру ұйымының Жастар ісі жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – ЖІК) төрағасы колледж бен ЖОО-да парламентке жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады.
Парламент Президенті:
1) Парламент қызметіне басшылық жасайды және өзіне жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады;
2) өз орынбасарлары, фракция көшбасшылары арасында міндеттерді бөледі және олардың қызметін үйлестіреді;
3) өз міндеттерін орындау кезінде білім беру ұйымының басшылығы берген құқықтарды пайдаланады.
Парламент білім беру ұйымы Парламентінің қызметі туралы Ережені басшылыққа бекітуге ұсынады.
Парламент құрылымы 8 фракциядан тұрады:
Құқық және тәртіп фракциясы.
Ақпарат фракциясы (мектептің баспасөз қызметі).
Спорт және салауатты өмір салты фракциясы.
Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы (психология).
Қамқорлық фракциясы (еріктілік).
Мәдениет және өнер фракциясы (музыкалық, көркем шығармашылық).
Дебат қозғалысының фракциясы.
Экология және еңбек фракциясы.
Парламенттің жоғарғы органы – фракциялар көшбасшыларының жалпы жиналысы.
Парламенттің қызметін жоспарлау білім беру ұйымының жұмыс жоспары негізінде жүзеге асырылады.
Парламент Президенті білім беру ұйымының барлық алқалы органдарының жұмысына қатысады.
Парламент мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен байланысты жүзеге асырады.
Парламент білім беру ұйымының алдында тұрған міндеттерді тиімді орындау
мақсатында педагогикалық ұжыммен өзара іс-қимыл жасайды.




