«Тілім менің – тірлігімнің айғағы» » «Қазығұрт» № 66 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№66 Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 608-02-38
+7(7252) 50-10-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тілім менің – тірлігімнің айғағы»
09
қыркүйек
2026

«Тілім менің – тірлігімнің айғағы»

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N66 "Қазығұрт" жалпы орта білім беретін мектебінде тілдер мерекесіне арналған іс-шаралар аясында ағылшын тілі мен орыс тілі бірлестігі ұстаздары Б.Баянбай,А.Рустем, Қ.Мықтыбаева, С.Тайшикованың
ұйымдастыруымен 5-7 сынып оқушылары арасында «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты көркем сөз оқу байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты – оқушылардың көркем сөз оқу шеберлігін жетілдіру, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және сахна мәдениетін қалыптастыру.
Байқау басталмас бұрын 7 сынып оқушысы Ә.Дана  тілге деген құрметі мен сүйіспеншілігін өз монологтарын оқу арқылы жеткізді.
Байқау барысында оқушылар ағылшын және орыс тілдерінде көркем сөз оқып, өздерінің білімдері мен өнерлерін ортаға салды. Сайыс арқылы оқушылар тілге деген құрметің – елді, жерді, тарихты және ұлттық құндылықтарды құрметтеумен сабақтас екенін түсінді.
Байқау қорытындысы бойынша белсенділік танытып, өз өнері мен білімін жоғары деңгейде көрсеткен оқушылар марапатталды.
Баршаңызды Тілдер мерекесімен құттықтаймыз!
Ана тілімізді ардақтап, мәртебесін биіктете берейік!
Тіл бар жерде – ұлт бар!
Тіл бар жерде – рух бар!
Тіл бар жерде – ел бар! 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив