03
қыркүйек
2026
«ЖИ дәуіріндегі тіл: мүмкіндік пе, әлде қауіп пе?» тақырыбында 9-10 сынып оқушылары арасында пікірталас өткізілді.
№66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектепте «Тіл және технология:тілдің жаңа тынысы» тақырыбындағы онкүндіктің жоспары
бойынша «ЖИ дәуіріндегі тіл: мүмкіндік пе, әлде қауіп пе?» тақырыбында 9-10 сынып оқушылары арасында пікірталас өткізілді. Пікірталасқа қатысушылар жасанды интеллектінің тілді дамытуға беретін мүмкіндіктері мен оның тіл тазалығына тигізуі ықтимал қауіптерін жан-жақты талқылады. «Парасат» тобы ЖИ-дің ақпаратты жылдам өңдеуге, мәтін құрастыруға, аударма жасауға көмектесетінін нақты дәлелдермен жеткізсе, екінші тарап дайын ақпаратқа шамадан тыс сүйену адамның өз ойын еркін жеткізуіне, сауатты жазуына және шығармашылық қабілетінің дамуына кері әсер етуі мүмкін екенін орынды атап өтті.
Өткізілген пікірталас қатысушылардың ой-өрісін кеңейтіп, тіл тағдырына жауапкершілікпен қарауға үндеген тағылымды іс-шара болды.
