07
қыркүйек
2026
«Тілдеріміз әртүрлі – Отанымыз ортақ Қазақстан» тақырыбында челлендж ұйымдастырылды.
№66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебінде 2026 жылдың 7 қыркүйек күні 2-4-сынып оқушыларының қатысуымен «Тілдеріміз әртүрлі – Отанымыз ортақ Қазақстан» тақырыбында челлендж ұйымдастырылды.
Челлендждің негізгі мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, бірлігін дәріптеу.
Шара барысында оқушылар өз өнерлері мен білімдерін ортаға салып, әртүрлі тілде жүрекжарды тілектерін білдірді. Әр оқушы өз үлесі арқылы Қазақстанның – баршаға ортақ Отан екенін көрсетті.
Тіліміз – әртүрлі, жүрегіміз – бір, Отанымыз – ортақ!
Бірлігіміз бекем, еліміздің болашағы жарқын болсын!

