09
қыркүйек
2026
“ Тілім менің - тірлігімнің айғағы “ атты көркемсөз оқу кешін өткізді.
N66 ” Қазығұрт” жалпы орта білім беретін мектебінде 2026 жылы 9 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Н.А. Абдиева мен М.О. Болғанбай және кітапханашылар Г. Қ.Тультебаева , Г. А. Есилбекова “ Тілім менің - тірлігімнің айғағы “ атты көркемсөз оқу кешін өткізді.
Іс- шараның мақсаты:
Жас ұрпақтың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Көркемсөз оқу кешінде оқушылар қазақ жазушыларының өлеңдерін оқи отырып, қазақ тілін құрметтеуді оның маңыздылығын атап өтті.
“ Тілім менің- тірлігімнің айғағы”атты көркемсөз оқу кешінде кітапханашылар барша ұстаздар мен оқушыларды тіл мерекесімен құттықтап, ана тілінің қадір- қасиеті, тілдің ұлт бірлігі мен татулығындағы маңызы туралы жүрекжарды тілегін білдірді.
Кештің барысында 5,6,7 - сынып оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, ақын- жазушылардың тіл туралы өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Әр тілді құрметтеу- әр ұлтты құрметтеу. Тіл апталығы аясындағы тағылымды шаралар оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, достық пен бірліктің берік негізін қалыптастыруға бағытталды.
Тіліміз тұғырлы, бірлігіміз ғұмырлы болсын


