04
қыркүйек
2026
Тіл – ұлт тірегі: ЖИ дәуіріндегі жаңа көзқарас» тақырыбында эссе байқауы өткізілді.
№66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебінде 2026 жылдың 4 қыркүйек күні 8-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Тіл – ұлт тірегі: ЖИ дәуіріндегі жаңа көзқарас» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Байқау барысында оқушылар жасанды интеллект дәуіріндегі қазақ тілінің маңызы, оның даму мүмкіндіктері мен тіл тазалығын сақтау мәселелері жөніндегі өз ойларын эссе арқылы жеткізді.
Қатысушылар өз жұмыстарында жасанды интеллектінің қазақ тілін үйренуге, ақпарат іздеуге, мәтін құрастыруға және тілдік білімді жетілдіруге беретін мүмкіндіктерін атап өтті. Сонымен қатар ЖИ-ге шамадан тыс тәуелді болу адамның өзіндік ойын қалыптастыруына, шығармашылық қабілетінің дамуына және сауатты жазуына кері әсер етуі мүмкін екеніне назар аударды.
Эссе жазу барысында оқушылар қазақ тілінің ұлттық құндылық ретіндегі маңызын ашып, тіл тазалығын сақтау, ұлттық сөздік қорды орынды пайдалану және жасанды интеллект ұсынған ақпаратқа сыни тұрғыдан қарау қажеттігін көрсетті. Әр қатысушы өз көзқарасын дәлелдеп, тілдің болашағына деген жауапкершілігін білдірді.
Өткізілген эссе байқауы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, ойларын жүйелі жеткізуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар жас ұрпақты ана тілін құрметтеуге, оның қадірін бағалауға және ЖИ мүмкіндіктерін дұрыс әрі тиімді пайдалануға үндеген тағылымды іс-шара болды.
8-10 сынып аралығынан эссеге 14 оқушы қатысып, төмендегі оқушылар қалалық кезеңге жолдама алды:
1. 8-сынып оқушысы Әкімқожа Нұртілек.
2. 9-сынып оқушысы Амантай Кәусар.
3. 10-сынып оқушысы Жарылқасын Амина.