"Үштік одақтың үйлесімі – жарқын болашақ кепілі" атты Ашық есік күні » «Қазығұрт» № 66 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№66 Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 608-02-38
+7(7252) 50-10-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Үштік одақтың үйлесімі – жарқын болашақ кепілі" атты Ашық есік күні
17
сәуір
2025

"Үштік одақтың үйлесімі – жарқын болашақ кепілі" атты Ашық есік күні

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N66 "Қазығұрт" жалпы орта білім беретін мектебі жылдық жоспарға сәйкес 2025 жылдың 17 сәуірінде  ерекше мәнге ие "Үштік одақтың үйлесімі – жарқын болашақ кепілі" атты Ашық есік күні өткізілді. 
   Бұл атау тек ата-ана, мұғалім және оқушы арасындағы өзара байланыс қана емес, бұл – бірлік, сенім мен түсіністікке негізделген үштаған, ұрпақ болашағының тұғыры.
✅Мақсаты:
Мектеп пен ата-ана арасындағы тығыз байланыс пен ынтымақтастықты нығайту;
Оқушы тәрбиесінде үшжақты бірлескен әрекеттің маңызын көрсету;
Білім беру үдерісіндегі ашықтық пен сенімді арттыру;
Мектеп өмірімен таныстырып, ортақ жетістіктерді бөлісу.
✅Мазмұны:
Ашық есік күні аясында ата-аналар оқу кабинеттерін аралап, оқушылардың шығармашылық және ғылыми жобаларымен танысады. Сонымен қатар ашық сабақтар, спорттық сайыстар, өнер көрсету, үйірме жұмыстары, психологиялық тренингтер, пікір алмасу алаңдары ұйымдастырылады. Бұл күн – ата-анаға өз баласының мектептегі даму бағытын көруге, ал ұстаз бен оқушыға қолдау сезінуге мүмкіндік беретін маңызды сәт.
✅«Үштік одақтың үйлесімі – жарқын болашақ кепілі» атты Ашық есік күні аясында өткізілетін іс-шаралар бағдарламасы:
1. Қонақтарды қарсы алу, тіркеу
Ата-аналарды мектепке қарсы алу, тіркеу парағына жазу
«Ұлттық қазына» бұрышы: ұлттық құндылықтар көрмесімен таныстыру
2. Күй тарту сәті
«Ер Тұран», «Адай» күйлерінің орындалуы
3. Шығармашылық өнер
«Жас домбырашылар» тобының өнер көрсетуі
4. «Тәжірибе алаңы» көрмесі
Оқушылардың жобалық, шығармашылық жұмыстарынан көрме
5. Білімге арналған бұрыш
«Білім – қымбат қазына, қанағат тұтпа азына»: оқушылардың оқу үлгерімін көрсету
6. Кітап – білім кілті
«Білімнің қайнар бұлағы – кітап» көрмесі
«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге...» Абай даналығына негізделген танымдық бөлім
7. Тәрбие бағыты
«Тәрбие – тал бесіктен басталады» тақырыбында тренинг-сабақ
8. Инклюзивті білім беру
«Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс жасау тәсілдері» тақырыбындағы таныстырылым
9. Зияткерлік даму бөлімі
Ментальді арифметика бойынша шеберлік сабағы
10. Қорытынды бөлім
«Ата-анам – асыл жаным, шын жүректен алғыс айтам!» атты концерттік бағдарлама. 
  ✅ Іс-шара барысында  Мектеп директоры Ширтаева Найла Рапихақызы өз сөзінде : 
    «-Бүгінгі ашық есік күні – білім мен тәрбие берудегі бірліктің, сенім мен серіктестіктің нақты көрінісі. Үштік одақтың – ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы үйлесімі мықты болса, ұлт болашағы жарқын, еліміздің ертеңі сенімді болмақ. Бірігіп атқарған әрбір іс — үлкен нәтижеге бастайды. Сіздерге шынайы алғысымызды білдіре отырып, бала болашағы жолындағы ортақ жұмыста табыс тілейміз!»
















Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив