Ата-аналармен оқушылардың назарына❗️❗️ » «Қазығұрт» № 66 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№66 Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 608-02-38
+7(7252) 50-10-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналармен оқушылардың назарына❗️❗️
20
сәуір
2025

Ата-аналармен оқушылардың назарына❗️❗️

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, ОҚУШЫЛАР ЖӘНЕ СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕР!
   🔊🔊🔊🔊🔊🔊🔊🔊🔊🔊
  Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N66 "Қазығұрт"  жалпы орта білім беретін мектебі 2024–2025 оқу жылының соңында өтетін “Соңғы қоңырау”, қорытынды аттестаттау және өзге де мектепішілік іс-шараларға байланысты төмендегі талаптар мен ережелерді назарларыңызға ұсынамыз:
✅  ЕРЕЖЕ:
📌 Сыйлық немесе ақшалай алғыс айту тек ризашылық сөздермен және алғыс хаттармен шектелуі тиіс.
📌 Іс-шара кезінде оқушылардың рұқсатсыз мектептен шығуына қатаң тыйым салынады.
📌 Сынып жетекшілері әр оқушының қатысуын тізім бойынша бақылап, ата-аналармен байланыста болады.
📌Іс-шара барысында артық дыбысты музыка, фейерверк, хлопушка, дрон қолдануға болмайды.
📌Ұялы телефондарды мақсатсыз қолдану, әсіресе видео түсіру немесе әлеуметтік желіге жүктеу, шектеулі болады.
📌Мектепке шақырылған қонақтар немесе ардагерлер болса, әдеп пен құрмет сақтау – міндетті талап.
📌 Барлық ата-аналар мектеп әкімшілігі бекіткен уақыт пен сценарийге сәйкес әрекет етуі тиіс.
📌Сыйластық пен тәртіпке сай емес әрекеттер (дауыс көтеру, рұқсатсыз сөйлеу, өз бетінше шешім қабылдау) – жол берілмейді.
📌 Жекелеген оқушыларды бөліп-жаруға, материалдық жағдайға байланысты кемсітуге жол берілмейді.
📌 Ата-аналар тарапынан ұйымдастырылатын кез келген әрекет (фото/видео, киім, декор, т.б.) алдымен мектеп әкімшілігімен келісуі тиіс.
❌❌❌❌ ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
🔸 4 және 9-сынып оқушыларынан мектеп қажеттіліктеріне орай ақша жинау;
🔸 Аниматорлар, әртістер, агенттіктер мен студияларды шақыру;
🔸 Мұғалімдерге немесе мектеп әкімшілігіне сыйлық беру;
🔸 Мектеп ішіндегі жөндеу немесе тазалық жұмыстарына қаражат жинау;
🔸 Мейрамханалар, ойын-сауық орталықтары, саябақтар мен автокөлік шерулерін ұйымдастыру;
🔸 Сынып ішінде дастарқан жаю немесе ата-аналардан қосымша ақша талап ету;
🔸 Оқушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін жеке бастама шараларын өткізу;
🔸 Мектеп ғимараты мен мүлкін пайдалануда рұқсатсыз әрекет жасау;
🔸 Әлеуметтік желіде жалған ақпарат тарату;
🔸 Мектептің ішкі тәртібін бұзатын әрекеттерге итермелеу.
✅ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС ТАЛАПТАР:
✔️ “Соңғы қоңырау” шарасына тек оқушының бір заңды өкілі ғана қатыса алады;
✔️ Барлық оқушыларға қауіпсіздік ережелері алдын ала таныстырылады;
✔️ Сынып жетекшілері іс-шара барысын үйлестіріп, тәртіп пен жауапкершілікті қадағалайды;
✔️ Қатысушылар мектеп формасын немесе салтанатты киім киюі тиіс;
✔️ Іс-шара кезінде оқушыларға қауіпсіздік техникасы мен тәртіп сақтау талаптары түсіндіріледі;
✔️ Педагогикалық әдепті сақтау – әрбір ата-ана мен мұғалімнің міндеті;
✔️ Іс-шаралар тек мектеп аумағында және бекітілген тәртіп бойынша өткізіледі;
✔️ Барлық қатысушыларға тең мүмкіндік қарастырылады – әділеттілік пен ашықтық қағидаты басты назарда;
✔️ Ата-аналар мен ұстаздар арасында ынтымақтастық пен түсіністік сақталуы тиіс;
✔️ Шара барысында фото/видео түсіру мектеп әкімшілігінің рұқсатымен ғана жүзеге асады.
📣 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА!
Біздің басты мақсатымыз – оқушылар үшін қауіпсіз, тәрбиелік мәні бар, мазмұнды және есте қаларлық мектеп өмірін қамтамасыз ету.
📌 Осы талаптарды бірлесе орындау арқылы біз өзара сенім мен сыйластыққа негізделген, жағымды орта қалыптастырамыз.
📞 Сұрақтар бойынша ДТІЖО 
 К.Қ Сүлейменовке тікелей хабарласуыңызға болады. 87754616581
Ізгі ниетпен
N66 "Қазығұрт" ЖОББМ директоры 
Ширтаева Найла Рапихақызы 
Кез-келген сұраққа жауап беруге дайынбыз!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив