06
мамыр
2025
"ҰЛЫ ЖЕҢІС: ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ ҰРПАҚҚА ҮЛГІ"
"ҰЛЫ ЖЕҢІС: ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ ҰРПАҚҚА ҮЛГІ"














Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N66 "Қазығұрт" жалпы орта білім беретін мектебі Білім басқармасының 2025 жылғы 01 сәуіріндегі N902 хатының негізінде ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 80 жыл толуына орай 2025 жылдың 06 мамыр күні "Сарбаздар ән салғанда" тақырыбында "Жас сарбаздар шеруі" саптық шеруі өткізілді.
Оқушылар Батыр бабаларымыздың ерлігіне тағзым етіп, кейінгі ұрпаққа үлгі ету — біздің парызымыз екенін көрсете білді.
Іс-шараның мақсаты — оқушыларға патриоттық тәрбие беру, ардагерлерге құрмет көрсету, ел үшін жанын пида еткен ерлердің ерлігін еске алу және ұрпақ жадында сақтау. Сонымен қатар оқушылар бойында елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру.
Іс шараға арнайы Ауған соғысының ардагерлері келді .
1.Шынтасов Қуаныш
2.Куралбаев Шадияр
Мектеп директоры Ширтаева Найла Рапихақызы арнайы құттықтау сөз сөйледі.
Қорытынды:
Іс-шара – Отан алдындағы ерлік пен борышты дәріптеу. Ұрпақ жадында батыр бабалар есімі мәңгілік сақталады. Олардың ерлігі — ұрпаққа үлгі, тәуелсіз еліміздің тірегі.







