📣2026-2027 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ МЕКТЕП ФОРМАСЫ ТУРАЛЫ » «Қазығұрт» № 66 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№66 Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 608-02-38
+7(7252) 50-10-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 📣2026-2027 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ МЕКТЕП ФОРМАСЫ ТУРАЛЫ
26
тамыз
2026

📣2026-2027 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ МЕКТЕП ФОРМАСЫ ТУРАЛЫ

🖋🔗 АТА - АНАЛАР НАЗАРЫНА‼️
 Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында мектеп формасы туралы мәселе өзектендіріледі.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрыққа өзгерістер енгізуде, оған сәйкес білім басқармасы бойынша мектеп формасының бірыңғай түсін ұсына алады.
Құрметті ата-аналар!
🖋🔗Жаңа 2026-2027 оқу жылына орай мектеп формасы талаптарын назарларыңызға ұсынамыз:
1. Мектеп формасының түсі: қара көк (темно-синий)
2. Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, ақ жейде. Ұлдарға арналған шалбарлар кең тігілген және ұзындығы тобықты жауып тұруы керек. Аяқ киім классикалық үлгіде болуы міндетті.
3. Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет,ақ жейде, юбка (ұзындығы тізеден төмен болуы қажет). Аяқ киім яғни классикалық үлгідегі туфли (өкшесінің ұзындығы 2-3 см аспауы тиіс).
4. Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (кроссовка, кеды) тұрады.
5. Әрбір ата-ана өндірушіні таңдауда тәуелсіз және мектеп формасын кез-келген нарықта, дүкенде немесе жеткізушілерден сатып алуға құқылы.




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив