ЕЛТАҢБАМ – ЕЛДІГІМ, БАЙРАҒЫМ – МАҚТАНЫШЫМ, ӘНҰРАНЫМ - АЙБЫНЫМ! » «Қазығұрт» № 66 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№66 Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 608-02-38
+7(7252) 50-10-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЕЛТАҢБАМ – ЕЛДІГІМ, БАЙРАҒЫМ – МАҚТАНЫШЫМ, ӘНҰРАНЫМ - АЙБЫНЫМ!
04
маусым
2024

ЕЛТАҢБАМ – ЕЛДІГІМ, БАЙРАҒЫМ – МАҚТАНЫШЫМ, ӘНҰРАНЫМ - АЙБЫНЫМ!


    4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Астана қаласының оқушылары «Әнұраным – айбыным» атты челлендж бастаған болатын. 
    Бастамаға Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты N66"Қазығұрт" жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Ширтаева Найла Рапихақызы бастаған 150 ұжым ұстаздары және де 80 бүлдіршіндер  атсалысып, Түркістан қаласына   челлендж жолдады.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив