ҚАЛАЛЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАР "Кәсіп таңдаудың жаңа көкжиектері" » «Қазығұрт» № 66 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№66 Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 608-02-38
+7(7252) 50-10-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚАЛАЛЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАР "Кәсіп таңдаудың жаңа көкжиектері"
25
ақпан
2025

ҚАЛАЛЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАР "Кәсіп таңдаудың жаңа көкжиектері"

  Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N66 "Қазығұрт" жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 25 ақпанында "Кәсіп таңдаудың жаңа көкжиектері" тақырыбында қалалық оқыту семинары өткізілді.
Семинардың мақсаты: "Бейіндік мектеп" пилоттық жобасын жүзеге асыру; кәсіп таңдаудың маңыздылығын түсіндіру, оқушыларға кәсіптік бағыт-бағдар беру әдістері мен құралдарын ұсыну және мүдделері мен қабілеттері, жеке ерекшеліктеріне сәйкес тиімді кәсіптік кеңес беруді қамтамасыз ету, жоғары оқу орындарының мамандарымен тығыз байланыс орнату.
 Семинарды мектеп директоры Н.Р.Ширтаева ашып,  семинарға қатысушыларға, қонақтарға сәттілік тіледі. Шымкент қаласы ҚББ Әдістемелік орталығының әдіскері А.А.Кисабекова "Ғылым мен техникадағы инновациялар" тақырыбында баяндамасын ұсынды. Семинар барысында педагог қызметкерлер психологиялық тренинг, сайыс сабақ, шебер-сабақ, коучинг сабақ, дебат ойындарын жоғары деңгейде көрсете білді. Сондай-ақ пилоттық жобадағы 7 "А" сыныбымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ш.А Нурсеитова "Абай тағылымы-даналық шырағы" тақырыбында әдеби кеш өткізіп, әріптестерімен тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті. 
Семинарды қорытындылай отырып, арнайы шақырылған жоғары оқу орындарының мамандары мен оқушылар арасында ашық алаң сұрақ-жауап кезеңі өз нәтижесін берді.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив