15
наурыз
2025
15 Наурыз ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАУ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N66 "Қазығұрт" жалпы орта білім беретін мектебі білім басқармасының
2025 жылғы 07 наурызындағы N10-08-07/1448 хатының негізінде Наурызнама тұжырымдамасына сәйкес 2025 жылдың 15 наурыз күні Қайырымдылық іс-шарасы өткізілді .
Іс-шараның мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсету, қамқорлық пен мейірімділікті дәріптеу. Біз бір-бірімізге көмектесу арқылы қоғамымызды мейірімді әрі жанашыр ете аламыз. Осындай игі істер оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, өзгелерге көмектесуге ынталандырады.
Қайырымдылық – адамгершіліктің ең үлкен көрінісі. Біз бұл дәстүрді жалғастырып, алдағы уақытта да мұқтаж жандарға көмек көрсетуді мақсат етеміз. Бірге болсақ, кез келген қиындықты жеңе аламыз!




