
Жаңа оқу жылы – жаңа үміттің, тың ізденістің, биік мақсаттың бастауы.
Ұстаз үшін әр оқу жылы – білім алушылардың болашағына бағыт беретін жаңа мүмкіндіктер кезеңі. Осы жауапкершілікті сезіне отырып, №66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебінде №1 педагогикалық кеңес өз жұмысын бастады.

Педагогикалық кеңестің басты мақсаты – жаңа оқу жылындағы білім беру мен тәрбие үдерісінің басым бағыттарын айқындап, ұстаздар қауымының алдына нақты міндеттер қою, оқу сапасын арттырудың тиімді жолдарын саралау.

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

2026–2027 оқу жылының негізгі міндеттері мен ерекшеліктері;

«Жаңа Конституция аясындағы адал азамат тәрбиесі және бала қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі заң мен тәртіптің рөлі» тақырыбындағы өзекті баяндама;

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жаңа оқу жылындағы басымдықтары мен оны жүзеге асыру тетіктері;

2025–2026 оқу жылындағы ҰБТ нәтижелерін саралау, білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын айқындау;

Мектептің білім алушылар тізімдік құрамын бекіту, сынып комплектілерінің жинақталуы, сыныптардың толымдылығы және мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарының орындалуы;

1 және 10-сыныптарға қабылдау жұмыстарының ұйымдастырылуы;

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен және денсаулығына байланысты жеке үйде оқытылатын оқушылармен жұмысты ұйымдастыру;

«Мектепке жол» қамқорлық қайырымдылық акциясының барысы және білім алушыларды сапалы тамақтандыру мәселелері.

Педагогикалық кеңес барысында өткен оқу жылының жетістіктері мен нәтижелері жан-жақты сараланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер мен басым бағыттар белгіленді.
Ұстаздардың кәсіби шеберлігін шыңдау, білім сапасын жаңа деңгейге көтеру, оқушының шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту, қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру – жаңа оқу жылындағы басты бағдарлардың бірі ретінде айқындалды.

Білім – ұлт болашағының берік іргетасы.
Ал сол іргетасты қалаушы – ізденімпаз, жаңашыл, жүрегінде балаға деген мейірімі бар ұстаз.

Жаңа оқу жылы – жаңа міндеттер.
Жаңа міндеттер – жаңа мүмкіндіктер.
Жаңа мүмкіндіктер – жаңа жетістіктерге бастар жол!
Барша ұстаздар қауымына жаңа оқу жылында шығармашылық шабыт, кәсіби биіктер, толағай табыс және шәкірт жетістігінің қуанышын тілейміз!


