08
сәуір
2026
БРАКЕРАЖ комиссиясының тексеруі
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №66 "Қазығұрт"жалпы орта білім беретін мектебімізде ыстық тамақ бойынша асхана қызметкерлерінің жұмысын санитарлық - эпидемиологиялық талаптарын сақталуына БРАКЕРАЖ комиссиясының тексеруі жүргізіліп отырады. 08.04.2026 жыл
Сәуір айының 8 күнгі бракераж комиссия жоспары бойынша тексерілгені:
- аз қамтылған отбасы және бастауыш оқушыларына берілетін тегін ыстық тамақ құрамымен мөлшерінің сақталуы;
- тамақтың сапасы және сатуға рұқсат етілмейтін тағамдар.
*БРАКЕРАЖ комиссиясының тексеруге қатысу мақсаты:*
Оқушыларға берілетін ыстық тамақтың талапқа сай екеніне көз жеткізу болды.
Мектеп асханасының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына және оқушылардың ыстық тамағының сапасы талапқа сәйкестігін тексерді. Азық- түлік қоймаларының талапқа сай болуы, бақылау асының талапқа сай сақталуы тексерілді. Тамақ өнімдерінің сапасын растайтын құжаттардың сәйкестігі, дайын тамақтың органолептикалық бағалау (сыртқы көрінісі,түсі, иісі, дәмі) анықтап, дайын тамақтың көлем мөлшерін және оқушы санына сәйкестігіне бақылау жасалды. ** Тексеру барысында:* *
1) Асхананың тазалығы - Санитарлық-Эпидемиологиялық талапқа сай, таза, ұқыпты, жинақы.
2) Тамақтың сапасы - ас мәзірі бойынша берілді, тамақ дәмді, талапқа сай.
3) Оқушылардың ыстық тамақты тұтыну деңгейі жақсы.
*Қорытынды:*
Мектеп асханасында дайындалған ыстық тағамдар сапалы, қауіпсіз, белгіленген талаптарға сәйкес келеді және оқушыларға тұтынуға рұқсат етіледі.