Танымды кездесу – жас ұрпақ үшін пайдалы сабақ
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Танымды кездесу – жас ұрпақ үшін пайдалы сабақ 2025 жылдың 16 қыркүйегінде №66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектептің 8-сынып оқушылары Шымкент қалалық балалар кітапханасында өткен тағылымды кездесуге қатысып қайтты. Бұл шараны Шымкент қаласы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» ұйымдастырып, теолог мамандар оқушыларға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды;