Ата-аналар комитетінің І отырысы » «Қазығұрт» № 66 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№66 Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 608-02-38
+7(7252) 50-10-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналар комитетінің І отырысы
19
қыркүйек
2025

Ата-аналар комитетінің І отырысы

«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ  БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 
👨‍👩‍👧‍👦✨ Мектеп пен отбасы – бала болашағы үшін бірлікте! ✨👨‍👩‍👧‍👦
   2025 жылдың 19 қыркүйегінде 
№66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебінде ата-аналар комитетінің І отырысы өтті.
Отырыс тақырыбы: «Мектеп пен отбасы: адал әрі жауапты азаматты тәрбиелеудегі өзара ынтымақтастық» 🌿
🔹 Мақсаты:
– Мектеп пен ата-аналардың бірлігін нығайту;
– Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісінде ынтымақтастықты арттыру;
– Комитет қызметін үйлестіруді жетілдіру.
🔹 Міндеттері:
1️⃣ Ынтымақтастықты арттыру жолдарын қарастыру;
2️⃣ Ата-аналар комитетінің жұмыс ерекшеліктерін талқылау;
3️⃣ Комитет төрағасы мен алқасын сайлау.
📌 Күн тәртібі:
1. Мектеп пен ата-аналар комитетінің ынтымақтастығын арттырудың жолдары туралы.
2. Мектеп ата-аналар комитетінің қызметін үйлестірудің ерекшеліктері туралы.
3. Мектеп ата-аналар комитетінің төрағасы мен алқасын сайлау туралы.
🌟 Қорытынды:
Жиын барысында ата-аналар мен мектеп арасындағы серіктестік байланыс нығайып, алдағы оқу жылына ортақ жоспарлар бекітілді. Жаңа комитет құрамы сайланып, мектеп пен отбасының бала тәрбиесіндегі ортақ миссиясы айқындалды.
💬 «Мектеп пен отбасының ынтымағы – саналы ұрпақтың кепілі!»





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив